О внесении дополнения в решение ХХХIV сессии Приозерского городского маслихата от 25 июня 2014 года № 34/238 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Приозерск» Күшін жойған
Басқа 0
Приозерск қалалық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV
сессиясының № 34/238 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы ХХХIV сессиясының № 34/238 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 «Приозерский вестник» газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының:
8 тармағы келесідей мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.