О внесении изменений и дополнения в решение IV сессии Карагандинского областного маслихата от 29 сентября 2016 года № 86 «Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Карагандинской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 86 «Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 86 «Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4007 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Қарағанды облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережеде: мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Мөрмен бекіту туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты емес.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімді облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың төрағасы (немесе олардың міндетін атқарушы тұлғалар) Комиссияның оң қорытындысына сәйкес, бірлескен өкім шығару жолымен қабылдайды.»; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты жағдайда наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Құрмет грамотасын облыс әкімі және (немесе) облыстық мәслихат төрағасы, немесе олардың тапсырмасы бойынша өзге тұлғалар тапсырады.»; 13-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын: «Төменгі бөлігінде облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының қолдары үшін мемлекеттік тілде мәтін орналасады, қол елтаңбалық мөрлермен расталады, қолдан кейін мемлекеттік тілде марапаттау күні көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.