О внесении изменения в решение областного маслихата (ХХХIV cессия, V созыв) от 20 августа 2014 года № 288/34 «Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек на территории населенных пунктов Павлодарской области» Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы (V сайланған ХХХІV сессия) «Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» № 288/34 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 20 тамыздағы (V сайланған ХХХІV сессия) «Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасын бекіту туралы» № 288/34 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4029 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 30 қыркүйектегі «Звезда прииртышья» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Павлодар облысының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және серуендету қағидасының 13 және 17 тармақтары алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің
Ветеринарлық бақылау және
қадағалау комитетінің Павлодар
облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы
Р. Нұрбеков
2014 жылғы «12» желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау агенттігінің Павлодар
облысы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті
басшысы
Е. Кәмелев
2014 жылғы «12» желтоқсан