Қолданыстағы ред. 26.09.2011

Аудандық мәслихатының (IV шақырылған IV сессия) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Май ауданы жерін аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" № 7/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы от 26.09.2011 г. № 5/40 (Аудандық мәслихатының (IV шақырылған IV сессия) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Май ауданы жерін аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" № 7/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы)

0

Аудандық мәслихатының (IV шақырылған IV сессия) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Май ауданы жерін аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" № 7/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Май аудандық мәслихатының (ІV шақырылған ІV сессия) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Май ауданы жерін аймақтарға бөлу сұлбасы туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-10-58 тіркелген, 2008 жылғы 19 қаңтарында аудандық "Шамшырақ" газетінің № 3 жарияланған") № 7/4 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
"Жер санаттарына бөлу" қосымшасы алып тасталынсын.

2

2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың индустриалды-инновациялық даму және экология комиссиясына жүктелсін.