О внесении изменений и дополнений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная IV сессия, IV созыв) от 21 декабря 2007 года № 29/4 «О бюджете города Экибастуза на 2008 год» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті IV сессия) «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 116-бабы 5-тармағына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы (IV шақырылған VI сессия) "Павлодар облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы (IV шақырылған III сессия) «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 36/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2008 жылғы 20 маусымда Павлодар облысының әділет департаментінде № 3115 тіркелген) № 101/6 шешімі, 2008 жылғы 1 шілдедегі (IV шақырылған кезектен тыс VІІ сессия) "Павлодар облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсанындағы (IV шақырылған III сессия) «2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» № 36/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2008 жылғы 1 шілдеде Павлодар облысының әділет департаментінде № 3119 тіркелген) № 110/7 шешімі негізінде, Екібастұз қаласының бюджетіне жоғары тұрған бюджеттен мақсатты трансферттердің бөлінуіне байланысты және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 14 наурыздағы (IV шақырылған кезекті V сессия) «Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті IV сессия) «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2008 жылғы 20 наурызда әділет басқармасында № 12-3-144, 2008 жылғы 27 наурызда «Отарқа газетінде № 13, 2008 жылғы 27 наурызда «Вести Екибастуза» газетінде № 13 тіркелген) № 66/5 шешімімен, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 8 сәуірдегі (IV шақырылған кезектен тыс VI сессия) «Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті IV сессия) «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» (2008 жылғы 20 наурызда әділет басқармасында № 12-3-144 тіркелген, 2008 жылғы 27 наурызда «Отарқа» газетінде № 13, 2008 жылғы 27 наурызда «Вести Екибастуза» газетінде № 13 жарияланған) № 29/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 68/6 шешімімен енгізілген өзгерістермен, Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті IV сессия) «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» (2007 жылғы 27 желтоқсанда әділет басқармасында № 12-3-117 тіркелген, 2008 жылғы 3 қаңтарда «Отарқа газетінде № 1, 2007 жылғы 3 қаңтарда «Вести Екибастуза» газетінде № 1 жарияланған») № 29/4 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-қосымшаға сәйкес «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті» келесі көлемде бекітілсін: 1) кірістер: - 5 602 157 мың теңге , оның ішінде: салық түсімдері - 4 058 106 мың теңге; салыққа жатпайтын түсімдер - 12929 мыңтеңге; негізгі капиталды сатудан түсімдер - 155174 мың теңге; трансферттерден түсімінен -1 375 948 мың теңге; 2) шығындар: - 5 420 687 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 181 470 мың теңге; 4) нақты бюджеттік несиелерді өтеу - 0 мың теңге , оның ішінде: бюджеттік несиелерді өтеу - 0 мың теңге; 5) қаржылық активтермен операция бойынша сальдо - 337 671 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 341 671 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 4000 мың теңге; 6) бюджет тапшылығы (профицит) - 156201 мың теңге; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 156201 мың теңге, оның ішінде: бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 156201 мың теңге. Көрсетілген шешімнің 4- тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
Тармақ 4
«4. Қаланың жергілікті атқарушы органының 8153,0 мың теңге сомасындағы резерві бекітілсін»; «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті» 1- қосымша осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; «2008 жылға арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, қала бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі» 2 - қосымша осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын; «2008 жылға арналған кент, ауыл (село), ауылдық (селолық), округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі» 4-қосымша осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. «2008 жылға арналған нысаналы трансферттердің сомасын бағдарламалар әкімшілеріне бәлу» 5 - қосымша осы шешімнің 4 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;