О внесении изменений и дополнений в решение (IV сессия, IV созыв) областного маслихата от 29 февраля 2008 года № 63/4 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду на 2008 год по Павлодарской области" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.03.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың (IV сайланған IV сессиясы) 2008 жылғы 29 ақпандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға комиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері туралы" № 63/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 462-бабына, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі 10-тарауының 101-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының (мемлекеттік тізілімде 2008 жылғы 26 наурызда № 3105 болып тіркелген, "Сарыарқа Самалы" газетінің 2008 жылғы 5 сәуірдегі 37 нөмірінде, "Звезда Прииртышья" газетінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі 35 нөмірінде жарияланған) 2008 жылғы 29 ақпандағы "Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға комиссиялар үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерi туралы" № 63/4 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: ескертпедегі: 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 2) қоршаған ортаға комиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелеріне: энергоөндіруші ұйымдар; коммуналдық қызмет көрсету кезінде пайда болған комиссия көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне мынадай коэффициенттер енгізіледі: 0,3 коэффициент 1; 0,43 коэффициент 2; 0,25 коэффициент 4; 6) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын: 6) 1), 2), 3) тармақшаларда қаралған ескертпедегі жеңілдік коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға комиссияның жоғары нормативтік көлемі үшін төлеміне қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Басқа 4. Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға комиссия үшін төлем ставкалары
Павлодар облыстық мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы VI сессиясының Павлодар облысы мәслихатының 2008 жылғы 29 ақпандағы "Павлодар облысы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны қорғауға комиссия үшін төлем ставкалары туралы" № 63/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 104 шешіміне қосымша Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаны қорғауға комиссия үшін төлем ставкалары N р/ р Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Қалдықтардың қауіптілік деңгейі Ставка (теңге / бірлігі) 1 2 3 4 5 1. Ластаушы заттардың станционарлық көздерден атмосфераға шығарындылары шартты тонна 582,0 2. Ластаушы заттардың қозғалмалы көздерден атмосфераға шығарындыл: пайдаланылған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна) этилденбеген бензин үшін 384,0 дизель отыны үшін 523,0 сұйылтылған сығылған газ үшін 285,0 3. Ластаушы заттардың төгінділері: шартты тонна су көздеріне 15 654,0 жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне 1 100,0 4. Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар тонна 227,5 5. Өнеркәсіптік қалдықтар өндіріс пен тұтынуды қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру тонна "қызыл тізім" 8 332,0 "янтарь тізім" 4 166,0 "жасыл тізім" 1 041,0 жіктелме- гендер 521,0 Бұдан басқа: аршынды жыныстарың тонна 2,8 байыту шлактары, шламдары, қалдықтарың 21,7 күл мен күлшлактарың 18,1 ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары 10,5 6. Радиоактивті қ алды қ тар : гигабек- керел трансуранды қалдықтар 442,1 альфа-радиоактивті қалдықтар 221,0 бета-радиоактивті қалдықтар 22,1 шынақты радиоактивті көздер 221,0 Ескерту: 1) қоршаған ортаға комиссия үшін төлем ставкаларына ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге сертификатталған кәсіпорындар үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі: 0,75 коэффициент 1; 0,75 коэффициент 4; 2) коммуналдық қызмет көрсету кезінде пайда болған комиссия көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне мынадай коэффициенттер енгізіледі: 0,3 коэффициент 1; 0,43 коэффициент 2; 0,25 коэффициент 4; 3) қоршаған ортаны қорғауға комиссия үшін төлем ставкаларға тұрғындардан пайда болған қатты-тұрмыстық қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды іске асыратын полигондар үшін: 0,2 коэффициент 3; 4) ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына кәсіпорындардың төлем ставкаларын жатқызу жағдайында ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолдану қажет; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 қаулысымен бекітілген ерекше қорғалатын табиғат аумақтары үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін бекітілетін төлем ставкаларына шекті төлем ставкалары қолданылсын; 6) 1), 2), 3) тармақшаларда қаралған ескертпедегі жеңілдік коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға комиссияның жоғары нормативтік көлемі үшін төлеміне қолданылмайды.