Аудандық мәслихаттың (IV сайланған кезекті XXX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "Баянауыл ауданының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 196/30 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.02.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың (IV сайланған кезекті XXX сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "Баянауыл ауданының 2011 - 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" № 196/30 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 44 бабының 7 тармағына, 104 бабының 5 тармағына және 106 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына және облыстық мәслихаттың (ІV сайланған ХХХІ сессия) 2011 жылғы 31 қаңтардағы "Облыстық мәслихаттың (ІV сайланған ХХІХ сессия) 2010 жылғы 13 желтоқсандағы "2011 – 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3177 болып тіркеліп, "Звезда Прииртышья" газетінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 149, 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 1, 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 2 сандарында жарияланған) № 324/29 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 338/31 шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың (ІV сайланған кезекті ХХХ сессия) 2010 жылғы 23 желтоқсандағы "Баянауыл ауданының 2011 – 2013 жылдарға арналған бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-5-82 болып тіркеліп, "Баянтау" аудандық газетінің 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 1 санында жарияланған) № 196/30 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: шешімнің 1-тармағындағы: 1) тармақшасы: "2407374" деген сандар "2978460" деген сандармен ауыстырылсын; "1805844" деген сандар "2376930" деген сандармен ауыстырылсын; 2) тармақшасы: "2407374" деген сандар "3012613" деген сандармен ауыстырылсын; 3) тармақшасы: "-1544" деген сандар "12175" деген сандармен ауыстырылсын; бірінші абзацтағы: "0" деген сан "13719" деген сандармен ауыстырылсын 4) тармақшасы: "0" деген сан "4060" деген сандармен ауыстырылсын; 5) тармақшасы: "1544" деген сандар "-50388" деген сандармен ауыстырылсын; 6) тармақшасы: "-1544" деген сандар "50388" деген сандармен ауыстырылсын; көрсетілген шешім мына мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4 тармақтармен толықтырылсын: "3-1. 2011 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттердің көлемі мына мөлшерде белгіленсін: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға - 12208 мың теңге; жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдеріне - 4990 мың теңге; үйде оқытылатын мүгедек балаларды құрал - жабдықтармен, бағдарламалық жинақпен қамтамасыз етуге - 3871 мың теңге; негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу құрал - жабдықтармен жарақтандыруға - 8194 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға - 11082 мың теңге; арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізуге - 2800 мың теңге; ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға - 4383 мың теңге; эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізуге - 33986 мың теңге; "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға - 1560 мың теңге". "3-2. 2011 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттердің көлемі мына мөлшерде белгіленсін: су шаруашылығы объектілерін дамытуға - 438012 мың теңге". "3-3. 2011 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер мына мөлшерде белгіленсін: ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға - 13336 мың теңге". "3-4. 2011 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттердің көлемі мына мөлшерде белгіленсін: су шаруашылығы объектілерін дамытуға - 50000 мың теңге."; көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімге қоса беріліп отырған 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жоспар мен бюжет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына (В. Шаймерденоваға) жүктелсін.
Басқа 4. Баянауыл ауданының 2011 жылға арналған бюджеті
Баянауыл аудандық мәслихатының (IV сайланған кезектен тыс XXXII сессия) 2011 жылғы 14 ақпандағы № 208/32 шешіміне 1-қосымша Баянауыл ауданының 2011 жылға арналған бюджеті Санаты Сомасы, мың теңге Сыныбы Ішкі сыныбы Атауы I. Түсімдер 2978460 1 Салықтық түсімдер 597530 01 Табыс салығы 235135 2 Жеке табыс салығы 235135 03 Әлеуметтiк салық 212800 1 Әлеуметтік салық 212800 04 Меншiкке салынатын салықтар 111241 1 Мүлiкке салынатын салықтар 88112 3 Жер салығы 3926 4 Көлiк құралдарына салынатын салық 17459 5 Бірыңғай жер салығы 1744 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге салынатын iшкi салықтар 35829 2 Акциздер 977 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 33500 4 Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар 1352 08 Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер 2525 1 Мемлекеттік баж 2525 2 Салықтық емес түсiмдер 3500 01 Мемлекет меншігінен түсетін кірістер 1270 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 1270 06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 2230 1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 2230 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 500 03 Жердi және материалдық емес активтердi сату 500 1 Жерді сату 500 4 Трансферттердің түсімдері 2376930 02 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 2376930 2 Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер 2376930 Функционалдық топ Сомасы, мың теңге Кіші функция Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Бағдарлама Атауы II. Шығындар 3012613 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 241351 1 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 216916 112 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты 16422 001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 16282 003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 140 122 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты 44850 001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 42035 003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 2815 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 155644 001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 151019 022 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 4625 2 Қаржылық қызмет 11085 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 11085 001 Аудандық бюджетті орындау және коммуналдық меншікті (облыстық маңызы бар қала) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 9479 003 Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу 1311 011 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату 295 5 Жоспарлау және статистикалық қызмет 13350 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 13350 001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және аудандық (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 13080 004 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 270 02 Қорғаныс 6702 1 Әскери мұқтаждар 6702 122 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты 6702 005 Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар 6702 04 Бiлiм беру 1708851 1 Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту 132788 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 132788 004 Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын қолдау 132788 2 Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру 1519394 464 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 1519394 003 Жалпы білім беру 1479663 006 Балаларға қосымша білім беру 39731 9 Білім беру саласындағы өзге де қызметтер 56669 464 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 45669 001 Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 14732 005 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу 17719 007 Аудандық (қалалық) ауқымдағы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткiзу 4357 015 Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері 4990 020 Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету 3871 466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 11000 037 Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау 11000 05 Денсаулық сақтау 121 9 Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер 121 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 121 002 Ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру 121 06 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 145400 2 Әлеуметтiк көмек 124987 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 8236 003 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету 8236 451 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 116751 002 Еңбекпен қамту бағдарламасы 24383 004 Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету 6974 005 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 12144 006 Тұрғын үй көмегі 601 007 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 46383 010 Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 979 014 Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету 2800 016 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар 19260 017 Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету 3227 9 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер 20413 451 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 20413 001 Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 19693 011 Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу 720 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 50091 1 Тұрғын үй шаруашылығы 5040 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 5040 004 Азаматтардың жекеленген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету 5040 2 Коммуналдық шаруашылық 13200 458 Ауданның ( облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 13200 012 Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі 13200 3 Елді мекендерді көркейту 31851 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 31851 008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру 11007 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 5044 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 15800 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк 224718 1 Мәдениет саласындағы қызмет 149495 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 99900 006 Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау 99900 457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 49595 003 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 49595 2 Спорт 3479 457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 3479 009 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу 2389 010 Әр түрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 1090 3 Ақпараттық кеңiстiк 56546 456 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі 6000 002 Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер 6000 457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 50546 006 Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi 50285 007 Мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халықтарының басқа да тiлдерiн дамыту 261 9 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер 15198 456 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі 7392 001 Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 5313 003 Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру 2079 457 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 7806 001 Жергілікті деңгей мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 7806 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 546783 1 Ауыл шаруашылығы 14624 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 4383 099 Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру 4383 466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 3500 010 Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту 3500 473 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі 6741 001 Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 5026 003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 1715 2 Су шаруашылығы 493012 466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 493012 012 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту 493012 6 Жер қатынастары 5161 463 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі 5161 001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 5161 9 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер 33986 473 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі 33986 011 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу 33986 11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 9157 2 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 9157 466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі 9157 001 Құрылыс, облыс қалаларының, аудандарының және елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жақсарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағын оңтайла және тиімді қала құрылыстық игеруді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 6899 013 Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу 2258 12 Көлiк және коммуникация 46628 1 Автомобиль көлiгi 45203 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 17045 013 Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 17045 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 28158 023 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 28158 9 Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер 1425 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 1425 024 Кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру 1425 13 Басқалар 28691 3 Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау 385 454 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 385 006 Кәсіпкерлік қызметті қолдау 385 9 Басқалар 28306 451 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 1560 022 "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау 1560 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 12031 012 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві 12031 454 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 9380 001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 9240 007 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 140 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 5335 001 Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 5335 15 Трансферттер 4120 1 Трансферттер 4120 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 4120 006 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 4120 ІІІ. Таза бюджеттік кредиттеу 12175 Бюджеттік кредиттер 13719 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 13719 1 Ауыл шаруашылығы 13719 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 13719 006 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер 13719 5 Бюджеттік кредиттерді өтеу 1544 01 Бюджеттік кредиттерді өтеу 1544 1 Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу 1544 IV. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо 4060 Қаржы активтерін сатып алу 4060 13 Басқалар 4060 9 Басқалар 4060 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 4060 014 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 4060 V. Бюджет тапшылығы (профицит) -50388 VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттін пайдалану) 50388