О ходе выполнения решения IX сессии областного маслихата (26 апреля 1996 года) «О состоянии и перспективах развития сельского хозяйства области в условиях рыночных отношений» Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының (26 сәуір 1996 жыл) «Нарықтық қатнастар жағдайында облыс ауылшаруашылығының даму жағдайы және перспективасы туралы» шешімінің орындалу барысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.12.2004 № 12/7 шешімімен
Ауылшаруашылығы департаментінің бастығы В.Шишацкийдің облыстық мәслихатының ІХ сесиясының «Нарықтық қатнастар жағдайында облыс ауылшаруашылығының даму жағдайы және перспективасы туралы»хабарламасын тыңдай және талқылай келіп облыстық мәслихат соңғы екі жылда облыстық агроөнеркәсіп кешенің реформалау жөнінде айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін атап көрсетеді. Нағыз меншік иесін қалыптастыру үшін нақты алғышарттар жасалды. Республикада қабылданған заң актілеріне сәйкес мемлекеттік секторды реформалау жүзеге асырылды. 6 қазыналық кәсіпорыннан басқа бұрыңғы барлық 355 кеңшар мен ұжымшар жекеменшік құрылымдар болып қайта құрылды. Бардық агроқұрылымдардың мәртебесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес келтірілді.
Алайда көп жағдайда субьектілерді реформалау формальді жүргізілді және уақыт талабына сай келмеді, жергілікті жерлердегі халықтың бәрі бірдей оның мәнін түсіне бермеді, ішкішаруашылық қатнастар толық реттелмеді, өндірістің құрылымдары қолайлы варианттарға дейін жеткізілмейді, бірқатар жерлерде ауылшаруашылығы товарөндірушілеріне қызмет көрсету салалары құрылмаған.
Үстіміздегі жылдың басына дейін 5520 ауылшаруашылығы кәсіпорны, оның ішінде 5039 шаруа қожалығы жұмыс істеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің селоны дағдарыстан шығару жөніндегі Бағдарламасына сәйкес меншікті одан әрі реформалау, жандандыру және санациялау жүргізілуде.
Үстіміздегі жылғы 1 маусымға дейін 41 өндірістік кооператив басшының жеке басқаруына берілді, 53-і ЖШС, 12-і – шаруа қожалығы болып қайта құрылды. Банкроттық процедурасына сәйкес 195 шаруашылықтың 52-інің материалдары қаралып «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік» АҚ-ы филиалына ұсынылды, банкроттыққа жататын агроқұрылымдар сот шешімі бойынша банкрот деп танылды.
Орын алып отырған қиыншылықтарға қарамастан өткен жылғы деңгейге қарағанда астық өндіру көлемінің өсіміне қол жеткізілді, мұның өзі 544 мың тонна тұқым құюға, астық ссудасы және вексельдер бойынша мемлекет алдындағы берешектерді өтеуге, мемлекеттік заказ есебіне астық тапсыруға, шаруашылықішіндік қажеттерді ішінара жабуға мүмкіндік берді.
Көкөніс, қартоп, ет, сүт өндіру көлемдері облыс халқының бұл тамақ өнімдеріне қажетін толық қамтамасыз етеді.
Рыноктік инфрақұрылымды құру жөнінде жұмыс жүргізіледе. Агроқұрылымдарға техникалық қызмет көрсету ушін 36 МТС ұйымдастырылған. Бұдан басқа 188 коммерциялық құрылым халықтан ет өнімдерін сатып алуды, сондай-ақ мал семіртуді жүргізуде.
Облыста 8 ауылшаруашылығы өнімдерінің көтерме рыногі жұмыс істейді. Ішкі сыртқы рыноктарда астық өткізуді жақсарту мақсатында Солтүстік Қазақстан облыстық астық комитеті құрылды. РК-ның «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы күшіне енген сәттен бастап 367 шағын бизнес субьектісі, селода барлығы 4496 кәсіпкерлік құрылым құрылып, жұмыс істеуде, оларда 17 мың адам еңбек етеді.
Облыс әкімінің АЖБ-ның АҚШ доллары займ қаржысын игеру жөніндегі тапсырмсына сәйкес 16,2 млн. доллар соманың 60 бизнес-жоспары қаралды, олардың 11,4 млн АҚШ доллары сомасындағы бір бөлігі республикалық банктерге ұсынылды.
Сонымен бірге аграрлық сектордағы жағдай күрделі болып қалып отыр. Ауылшаруашылығы кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша 1997 жылы 4,6 мдрд. теңгеден аса шығын байланды, кредиторлық берешек баяу өтелуде, осы себептен шаурашылық жүргізуші субьектілердің 40 проценттен астамы банкроттық процедурасына жатады.
Дәнді дақылдардың шығымдылығында көп ала-құлалық байқалады. Өткен жылы ауылшаруашылығы товарөндірушілер арасындағы шығымдылық айырмашылығы гектарынан 10-15 центнерге жетті. Мәселен, Зеренді айданында «Целина» АҚ-сында 26 центнерден дерлік өнім жиналса, ал «Күсеп» ӨК-інде 5,6 центнерден ғана өнім алынды. ҚЫзылжар ауданында «Мир» АП-да дәнді дақылдардан 34,2 центнерден ал көршілес «Тоқшын» АҚ-сында небары 10,7 центнерден өнім алынды.
Егіншіліктегі шығымдылықтың төмендігін мынамен түсіндіруге болады: ондаған ауылшаруашылығы кәсіпорындары өткен жылдардың материалды-техникалық ресурстары үшін кредиторларға көп берешектігі салдарынан жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, егінді аурулардан зиянкестер мен арамшөптерден қорғайтын химиялық өнімдер сатып алуға қаржы таба алмай отыр. Осының салдарынан мұндай шаруашылықтарда ауылшаруашылығы дақылдарын өндеу технологиясы орындалмайды, сүдігер, пар және тұқым дайындау толық көлемде жүргізілмейді. Осыдан екі жыл бұрынғыдай егіншілік өнімдерін өткізу ауылшаруашылығы товарөндірушілер үшін әзірше күрдел проблема болып қалып отыр. Көп жағдайда шаруашылықтар оны аразаңға беріп, шығынғы ұшырауға мөжбұр болуда.
Мал шаруашылығындағы жағдай да қиын болып отыр. Шаруашылықтардың барлық категорияларында бір жылда ірі қара мен қойдың саны үштен бірден астамға қысқарды, сиыр мен шошқа 17 процентке кеміді. Аналық мал басының көп жұмсалуы айрықша аландаушылық туғызады. Тимирязев ауданының ауылшаруашылығы кәсіпорындарында небары 545 ал Сергеев ауданында – 75, Еңбекшілдер ауданында – 60 сиыр қалды. Тұтас облыс бойынша агроқұрылымдарды /жекеменшік шаруашылықтарсыз/ бір жылда шошқа саны 2 есе азайды.
Малдың барлық түрінің өнімділігі жылдан жылға азайып келеді. 1997 жылы облыс бойынша әр сиырдың сауылған сүт 1693 кг., ал Сергеев, Уәлиханов, Еңбекшілдер, Жамбыл аудандарында сәйкес түрде – 602, 683, 836 және 994 кг. ғана болды. Семіртудегі малдың салмақ қосуы мен өз төлінің өсуі де мәз емес.
Мал басының және өнімділігінің азаюымен бірге мал шаруашылығы өнімдерін өндіру құрт кеміді. 1997 жыл тірілей мал шаруашылығы өнімдерін өндіру /өткізу/ 82 мың тоннаға, сүт 134,4 мың тоннаға төмендеді. Сонымен бірге халықтан және фермерлік шаруашылықтардан ауылшаруашылығы өнімдерін сатып алу баяу жүргізуліде. Өткен жылы небары 11 мың тонна сүт немесе 1996 жылғыдан 2 есе аз сүт дайындалды. Ет сатып нашар ұйымдастырылған. Бұл жұмыс Ақжар, Совет, Тайынша, Щучье аудандарында баяу жүргізілуде.
Мал шаруашылығындағы істің жайы мұндай болуының негізгі себептері материалды-техникалық және энергетикалық ресурстарға бағаның өсуі және сатып алу бағасының төмен болуы болып табылады.
Міне осы және басқа жағдайлар көптеген шаруашылықтарға жанар-жағармай материалдарын алу, техника мен құрал-жабдықтарды жөндеу мәселелерін дер кезінде толық көлемде шешуге мүмкіндік бермейді.
АЖБ-дан және екінші деңгейдегі банктерден кредит алу үшін бизнес-жоспарлар кәсіби жеткізілсіз дайындалады.
Облыс экономикасының агроөнеркәсіптік секторында қалыптасқан жағдайды ескере отырып облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ауылшаруашылығы департаментінің бастығы В.Шишацкийдің «Нарықтық қатнастар жағдайында облыс ауылшаруашылығының даму жайы және перспективасы туралы» облыстық мәслихаттың ІХ сессиясының шешімін орындау барысы туралы хабарламасы еске алынсын.
Тармақ 2
2. Облыста селодағы реформаны терендетуде және бірқатар ауылшаруашылығы кәсіпорындарында өнім өндіруді арттыруда кейбір оң ілгерілеуге қол жеткізілгені атап көрсетілсін, алайда облыстық мәслихаттың ІХ сессиясы шешімінің негізгі қағидалары аяғына дейін жүзеге асырылмады және аграрлық сектордың экономикалық жайы күрделі болып қалып отыр.
Тармақ 3
3. Реформаны одан әрі терендету және ауылшаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық сауықтыру бүгінгі күннің бірінші кезекті міндеті дет есептелсін.
Осыған байланысты аудандардың әкімдеріне, облыстық ауылшаруашылығы департаментіне, мемлекет мүлкі және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетке, «Кәсіпорындарды қайта құру және тарату жөніндегі агенттік» акционерлік коғамы филиалына, облыстық жер қорларын басқару жөніндегі комитетке тұрақты экономикалық және қаржылық көрсеткішетрі бар шаруашылықтар ішінде одан әрі нарықтық көрсеткіштерге қол жеткізу, жандандыру процедурасын жүзеге асыру, агроқұрылымдарды санациялау жөнінде белгіленген шараларды жүзеге асыруды жедел аяқтау ұсынылды. Шаруашылықтардың банкроттығын өткізу кезеңінде конкурстық басқарушы лауазымы енгізілсін.
Халықтың және кредиторлар арасында қазіргі реформалаудан мақсаттары, бұрын жағдайы нашар шаруашылықтар пайдаланған жерлерде ауылшаруашылығы өндірісімен айналасуға әзір кредиторлар сондай-ақ жеке адамдар арасынан нақты инвесторлар іздестіру қажеттігі туралы түсінік жұмыстары жүйелі жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Облыс аудандарының әкімдері, ауылшаруашылығы департаменті ауылшаруашылығы кәсіпорындарын қайта құру және банкроттығы барысында босап қалған еңбекке қабілетті адамдарды шағын бизнес кәсіпорындарын ұйымдастыру, жеке шаруашылықтарды дамыту есебінен жұмысқа қамтуды қамтамасыз ететін болсын.
Тармақ 5
5. Облыстық және аудандық әкимияттарға, облыстық ауылшаруашылығы департаментіне жаңа амалдарды пайдалана отырып, нарықтық инфрақұрылымдарды қалыптастыру професін жандандыру ұсынылсын. Осы мақсатта:
- облыстық астық комитеті күзге дейін ішкі және сыртқы рыноктарда ауылшаруашылығы өнімдерін сатуды ретке келтіру жөнінде Бағдарлама жасайтын болады;
- өнімді сатып алатын және сондай-ақ өткізетін жаңа үлгідегі көтерме-азық-түліктік рыноктар құрылсын;
- ауылшаруашылығы кәсіпорындары өз шаруашылықтары ішінде ұйымдастырған шағын бизнес субьектілері есебінен өз өнімін сату және кейін сату енгізілсін;
- ауылшаруашылығы товарөндірушілері шаруа қожалықтары ассоциацияларды, ауылшаруашылғы департаменттері және басқа ұйымдар жанында меншікті диллерлерін ұстайтын болсын;
- агросервис және техникалық қызмет көрсету кәсіпорындарын құру одна әрі жүргізілсін, МТС желісі кеңейтілсін.
Тармақ 6
6. Аудандардың әкімдері, ауылшаруашылығы департаменттері, облыстың шаруа /фермер/ қожалықтары ассоциациялары мал басының әсіресе аналық мал басының өсуі, мал құнарының артуы, үшін қажетті шаралар қолданатын болсын. Шошқа шаруашылығын дамытуға назар аударылсын.
Тиімсіз пайдаланылатын құнарлы жерлерді беру есебінен жаңа жерпайдаланушылардың қалыптасуына көмектесетін болсын, шаруа және фермер қожалықтарының нығаюна ықпал ететін, оларға ақпараттық және заңдық қамтамасыз етілуде көмектесетін болсын.
Облысты негізгі тамақ өнімдерімен өзін –өзі қамтамасыз ету мақсатында жарма және майы дақылдары тиісті көлемдерде өндіру жанғыртылсын.
Тармақ 7
7. Ауылшаруашылығы департаментіне, шағын бизнесті қолдау орталықтарында, «Казагропромбанк» АҮАҚ-ы филиалына рыноктық сервисте өздерінің кәсіби шеберлігін арттыру, АЖБ займын, екінші деңгейдегі банктердің ауылшаруашылығы кәсіпорындарын неғұрлым толық және жедел игеру мақсатында бизнес-жоспарларды жасау және бағалау жөніндегі қызметті неғұрлым сапалы көрсету ұсынылсын.
Агроқұрылымдардың кредиттері кідіріссіз алуы үшін коммуналдық меншік пен басқа қозғалмайтын мүліктерді пайдалану жолымен залог өрісі кеңейтілетін болсын.
Тармақ 8
8. Аудандардың әкімдеріне, ауылшаруашылығы департаментіне, мемлекет мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитетке, облыстық қаржы басқармасына үстіміздегі жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімде әлеуметтік сала обьектілерін ауылшаруашылығы кәсіпорындарының жүйені реформалауды ескере отырып жергілікті бюджеттер балансына беруді аяқтау ұсынылсын.
Тармақ 9
9. Облыстың әкімияттарына, ауылшаруашылығы департаментіне, шаруа және фермер қожалықтары ассоциациясына агроқұрылымдарды алдағы егін орағына дайындауды жеделдетуге ықпал ету, жанар-жағармай техника мен қосалқы бөлшектер алумен байланысты мәселелерді шешуде практикалық көмек көрсету ұсынылды.
Тұқымдық материал, электр құаты және басқа материалды-техникалық ресурстар үшін кредитордар алдындағы берешектерді өтеуге ұдайы бақылау қамтамасыз етілсін.
Тармақ 10
10. Облыстық және аудандық мәслихаттардың халық шаруашылығы салаларының қызметі және экономискалық тұрақты комиссиялары селодағы реформалаудың барысын оның тиісділігін терең зерттейтін және талдайтын, қажет болған жағдайда ауылшаруашылығын дамыту мәселелерін мәжілістерге және жариялы тындауға енгізетін болсын.
Тармақ 11
11. «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» облыстық газеттерінің редакцияларына ауылшаруашылығындағы нарықтық өзгерістердің барысын, көқырлы экономиканың қалыптасуын, жердің нағыз қожасының бой көтеруін жазу, шаруа және фермер қожалықтарының, басқа агроқұрылымдардың оң жұмыс тәжірибесін көрсету тапсырылсын.