О внесении изменений в решение областного Маслихата (IX сессия, II созыв) от 19 января 2001 года "Об областном бюджете на 2001 год" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың (II сайланған, IX сессиясы) 2001 жылгы 19 каңтардағы "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы Селолық жерлердегі денсаулық сақтау бөлімінің объектілерін санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету және облыс түрғындарына жүмылдырылған медициналық көмек көрсету, сондай-ақ бюджеттің несиегерлік берешектерінің пайда болуына жол бермеу мақсатында облыстык Мәслихат ШЕШІМ қабылдайды: Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 19 қаңтардағы "2001 жылға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне мынадай өзгертулер енгізілсін: осы көрсетілген шешімнің 7-2 тармағы мынадай редакцияда баяндалсын: "7-2. 2001 жылға арналған облыстық бюджетте жергілікті қоршаған ортаны қорғау мемлекеттік қорының мөлшері 126014 мың теңгеге бекітілсін"; 8 тармақ мынадай редакцияда баяндалсын: "8. Облыс әкімінің резерві 111311 мың теңге мөлшерінде, оның ішінде: атқарушы органының сот шешімдері бойынша міндеттемелерін өтеу үшін - 1732 мың теңге; Төмендегі бюджеттердің кассалық үзілістерін өтеу үшін несие беруге арнайы резерв 109579 мың теңге"; Осы көрсетілген шешіммен бекітілген қосымша (қоса беріліп отыр) жаңа редакцияда баяндалсын.