О внесении изменений в решение IX сессии областного Маслихата № 4 от 5 апреля 2001 года «О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищных пособий на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» Күшін жойған
Басқа 0
Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы
5 сәуірдегі IX сессиясының «Аз қамтылған
азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдем ақыларды беру Ережелері
туралы» № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» №477-I Заңына сәйкес тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілетті органдар анықтайды.
Тұрғын үйді ұстау төлемдерін және коммуналдық қызметті пайдаланудың шектік мүмкін шығыс үлестерін отбасының жинақы кірісіне қатысты төмендету туралы бекітуге ұсынылған ұсыныстарды қарастыра отырып, отбасылық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық Мәслихаттың 2001 жылғы 5 сәуірдегі IX сессиясының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдем ақыларды беру Ережелері туралы» №4 шешімінің қосымшасына келесі өзгерістер енгізілсін:
«Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдем ақыларды беру Ережелері» қосымшадағы 1 баптың 2 тармағында «30 пайыз мөлшерінде» сөзі «25 пайыз мөлшерінде» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2003 жылғы 1 қазаннан бастап күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қалалар және аудандар әкімдері шешімді барлық мүдделі ұйымдар қаперіне жеткізсін.
Тармақ 4
4. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты осы шешім туралы хабардар етсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау және әлеуметтік – мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау (С.М. Әдекенов) жөніндегі тұрақты комиссиға жүктелсін.