Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «JAYSON Kazakhstan Mining» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2026 жылғы 1 мамырдағы өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жер қорының есеп кварталы 05-079-002 жалпы алаңы 157,0879 гектар жерлеріне 2032 жылғы 4 ақпанға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «JAYSON Kazakhstan Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.
Тармақ 3
3. «Ұлан ауданының жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Садуақасовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.