О некоторых вопросах специальной экономической зоны «Jibek Joly» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;
Тармақша 2
2) «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы « » № қаулысымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан. АЭА аумағы 1205 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. АЭА инвестициялар тарту және тиімділігі жоғары, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру жолымен Жамбыл облысын дамыту мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң), осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Тармақ 4
4. АЭА-ны құру мақсаттарына сәйкес келетін оның қызметінің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ көрсетілген тізбеге қызметтің басым түрлерін енгізу тәртібін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, оның жұмыс істеуі және оны тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды.
Тарау 2. 2. АЭА-ны басқару
2. АЭА-ны басқару
Тармақ 5
5. АЭА-ны басқару Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3. АЭА-ның аумағында салық салу
3. АЭА-ның аумағында салық салу
Тармақ 6
6. АЭА-ның аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі.
Тарау 4. 4. Кедендік реттеу
4. Кедендік реттеу
Тармақ 7
7. АЭА аумағында немесе оның бір бөлігінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылады.
Тармақ 7-1
7-1. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады. АЭА аумағы кедендік бақылау жүргізу мақсатында жайластырылуға тиіс. АЭА аумағын жайластыруға қойылатын талаптарды, оның ішінде осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды кеден саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Тарау 5. 5. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың АЭА аумағында болу тәртібі
5. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың АЭА аумағында болу тәртібі
Тармақ 8
8. АЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерде белгіленген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ олардың көлік құралдарының келуі, кетуі, транзитпен өтуі мен болу тәртібі қолданылады.
Тарау 6. 6. Қоршаған ортаны қорғау
6. Қоршаған ортаны қорғау
Тармақ 9
9. Экологиялық реттеу бөлігінде АЭА қызметін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады және өмір сүру сапасын арттырудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімі негізінде орнықты дамуға және қоршаған ортаны қорғауға көшу үшін жағдайлар жасау арқылы табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалануға негізделген.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 10
10. Осы Ережеде белгіленген шарттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен өзгеруі мүмкін.
Тармақ 11
11. АЭА-ны мерзімінен бұрын тарату Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Осы Ережемен реттелмеген АЭА қызметі Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары
«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 1205 га
Басқа 2. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары Р/с № Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер (ата­уы) Өл­шем бір­лі­гі Ба­за­лық ке­зең (2019)* Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор 2022 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2027 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2032 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 2037 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу 1 2 3 4 5 6 7 8 1 Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де: млрд тең­ге 28,4* 200 450 600 695 1) ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 40 210 290 375 2) отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі млрд тең­ге 28,4* 160 240 310 320 2 АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі млрд тең­ге 1 3 290 2400 3700 1 2 3 4 5 6 7 8 3 Өңір эко­но­ми­ка­сы­ның ши­кі­заттық емес сек­тор­ла­ры­на ин­ве­сти­ци­я­лар жыл сай­ын­ғы өсі­мі (өң­деу өнер­к­ә­сі­бі) % 40 % 100 % 150 % 165 % 4 Қа­ты­су­шы­лар са­ны бірл. 7 10 25 26 29 5 АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс ор­ны­ның са­ны жұ­мыс орын­да­ры 115 1104 2000 2200 2700 6 АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі % 50 % 65 % 75 % 85 % 7 АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі өнім экс­пор­ты­ның үле­сі % 10 % 20 % 25 % 30 % 8 Ең­бек өнім­ді­лі­гін арт­ты­ру есе 1,5 2 2,1 2,2 Ескертпелер: * - жұмыс істеп тұрған АЭА қатысушыларының іс жүзінде салған инвестициялар. Индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген. ____________________