Об установлении товариществу с ограниченной ответственностью "Kaz Tas Company" право ограниченного целевого землепользования (публичный сервитут) на земельный участок Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Kaz Tas Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының Белозер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. "Kaz Tas Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аумақта орналасқан ауданы 207,73 гектар қатты пайдалы қазбаларды барлауға шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Белозер ауылдық округі. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған Лицензия 09.12.2025 жылғы № 3871-El, N-41-115 блок (10а-5б-24).
Тармақ 2
2. "Белозер ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.