Некоторые вопросы открытого акционерного общества "Национальная компания "Казахстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мынадай республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекеме жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - Қоғамдар) және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - Серiктестiк) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "811-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 811-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң "832-әскери зауыты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны "ҚИ 832-автомобиль жөндеу зауыты" акционерлiк қоғамына;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгінiң "Бронетанк жөндеу зауыты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны "Семей инжиниринг" акционерлiк қоғамына;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Арнайы материалтану ғылыми-зерттеу институты тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрiсiмен бiрге" мемлекеттiк мекемесi "Арнайыматериалтану" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiгіне.
Тармақ 2
2. Қоғамдар мен Серiктестiк қызметiнiң негiзгi бағыты қорғаныс, екi ұдай және азаматтық мақсаттағы өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жаңғырту және сату болып белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) Қоғамдар мен Серiктестіктiң жарғыларын бекiтудi және оларды әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
Тармақша 2
2) Қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және Серiктестiктiң мемлекеттiк қатысу үлесiн "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына берудi қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.26. № 1237 қаулысымен;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы қорғаныс-өнеркәсiп кешенiнiң кейбiр мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы № 244 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 10, 121-құжат):
5-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.