Об установлении публичного сервитута частной компании «Kazakhstan JinijangCo., Ltd» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Kazakhstan JinijangCo., Ltd» жеке компаниясына жария сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы  Жер кодексінің 17,  69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы  Заңының 31-бабына  сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Карасу ауданының аумағында орналасқан, пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларын бекіту үшін геологиялық барлау жұмыстарын орындау мақсатында, «Kazakhstan JinijangCo., Ltd» жеке компаниясына жалпы алаңы - 2429,0 гектар жер учаскесіне жария сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қарасу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.