Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственостью «Kazakhstan Westerfield Mining» Қолданыста
Басқа 0
«Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылғы 5 қаңтарға дейін Қостанай облысы Науырзым ауданының аумағында орналасқан «Мамыркөл» кен орны шегіндегі жер учаскесіне 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 4241-EL лицензиясы негізінде (блок M-41-7-(10г-5в-21), M-41-19-(10а-5а-1), жоғарыда аталған блок шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу және геологиялық барлау жұмыстарын дұрыс жоспарлау үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің орынбасары М.С. Мырзабековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі