Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazakhstan Westerfield Mining» Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
«Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы, 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Kazakhstan Westerfield Mining» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2032 жылғы 12 мамырға дейін Қостанай облысы Науырзым ауданының аумағында орналасқан «Северо-Уркаческое» кен орны шегіндегі жер учаскесіне 2026 жылғы 12 мамырдағы № 4377-EL лицензиясы негізінде, (блок M-41-19-(10g-5g-4), M-41-19-(10g-5g-7), M-41-19-(10g-5g-8), M-41-19-(10g-5g-9), M-41-19-(10g-5g-11), M-41-19-(10g-5g-12), M-41-19-(10g-5g-13), M-41-19-(10g-5g-15), M-41-19-(10g-5g-20) жоғарыда аталған блок шегінде қатты пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық барлау жұмыстарын дұрыс жоспарлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Науырзым ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің орынбасары М.С. Мырзабековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі