Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Kazmine Limited Liability Partnership»на территории Кызылтауского сельского округа Баянаульского района Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Kazmine Limited Liability Partnership» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 20 қарашадағы № 3853-ЕL пайдалы қатты қазбаларды барлауға берілген лицензияның негізінде Қызылтау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Kazmine Limited Liability Partnership» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
Тармақша 1
1) жер учаскілерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеу, шығындардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен анықтау келісім бойынша жүргізілсін.
Тармақша 2
2) пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын;
Тармақша 3
3) жұмыстар аяқталғаннан кейін бүлінген жер учаскелерін одан әрі тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы «10» сәуірдегі № 1-21-05 шешіміне қосымша Р/с № Пайдаланушы Ауданы, гектар Нысаналы мақсаты Пайдалану мерзімі (жыл) Жертелімінің орналасқан жері 1 «Kazmine Limited Liability Partnership» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1100 Қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргізу үшін 2031 жылдың 20 қарашасына дейін Баянауыл ауданы Қызылтау ауылдық округі аумағында Елді мекендер жері 14-205-150-