Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «KazRailServices» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 13 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тәттімбет ауылдық округі «Большая дайка» жер учаскесінде орналасқан жалпы ауданы – 3746,4691 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2025 жылғы 13 қарашадағы №3819-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы «24» маусымдағы № 192 қаулысына қосымша «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2025 жылғы 13 қарашадағы №3819-EL лицензиясы) № Орналасқан жері Кадастырлық номері Жалпы көлемі, га қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; 1 Омирбаев Рауан Муратович 09:133:054:007 486,3548 139,6027 2 Тусупбаев Самаркан Муратович 09:133:054:064 2127,9040 793,1877 3 Тусупбаев Самаркан Муратович 09:133:054:035 0,2400 0,2400 4 Тусупбаев Самаркан Муратович 09:133:054:056 5000,0000 1193,3155 5 Оспанов Болат Сунгашевич 09:133:054:057 0,1296 0,1296 6 Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы 09:133:054:077 49,9000 48,2307 7 Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы 09:133:054:078 2925,1960 1088,1974 8 Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы 09:133:054:076 1955,3277 73,4141 9 Абикеев Алтынбек 09:133:054:069 4700,0000 409,6631 10 Тәттімбет а/о 09:133:054: 0,4883 Барлығы 3746,4691