Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «KazRailServices» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17- бабының 5- 1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2031 жылғы 13 қарашаға дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Тәттімбет және Шарықты ауылдық округі «Узекбурлы» жер учаскесінде орналасқан жалпы ауданы – 6617,8073 гектар жер учаскелеріне қаумдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шығындарды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
Тармақ 3
3. Барлау жұмыстарын жүргізу мерзімін, олардың нақты орнын, шығындарды өтеу және жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру жөніндегі міндеттерді айқындау мақсатында уәкілетті органдармен пайдаланған жер учаскелерін жарамды күйде тапсыруға міндетті.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2025 жылғы 13 қарашадағы №3820-EL лицензиясы)
Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2026 жылғы «24» маусымдағы № 191 қаулысына қосымша «KazRailServices» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі (2025 жылғы 13 қарашадағы №3820-EL лицензиясы) № Орналасқан жері Кадастырлық номері Жалпы көлемі, га қауымдық сервитут белгіленуге жататын учаскелердің бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында) га; 1 Ахметов Максат Толеуулы 09:133:052:211 3000,0000 645,7790 2 Тусупбаев Самаркан Муратович 09:133:054:064 2127,9040 509,1946 3 Мейрамбеков Бакибай Мейрамбекович 09:133:052:246 56,0000 23,3761 4 Мейрамбеков Бакибай Мейрамбекович 09:133:052:262 2033,0000 962,8567 5 Екпінтай Бақытжан Мейрамұлы 09:133:054:078 2925,1960 1036,4750 6 Ғалымжанова Әйгерім Есенболқызы 09:133:052:216 1711,0000 1124,1681 7 Жанбырбаев Жанболат Есманович 09:133:054:075 2752,0000 10,2922 8 «Қарқаралы ауданы Шарықты а/о әкімі аппараты» ММ 09:133:051:357 2294,8090 524,4386 9 Айтмұқан Әділет Бақытбайұлы 09:133:052:212 2556,0000 1489,3855 10 Айтмұқан Әділет Бақытбайұлы 09:133:052:180 3000,0000 286,8125 11 Шарықты а/о 09:133:052 5,0190 12 Тәттімбет а/о 09:133:054 0,0100 Барлығы 6617,8073