Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «KMG Barlau» на земельный участок для проведения сейсмоисследовательских работ Күшін жойған
Басқа 0
«KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу жер учаскесіне жария сервитутын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ «Жер Кодексінің» 69 бабы, 4 тармағының 7-1 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-37 баптарын басшылыққа ала отырып, 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 186 – ЖҚГЗ Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияға сәйкес, «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖТ-2023-01656636 санды өтініші негізінде, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Ақтөбе облысында орналасқан Мұғалжар учаскесінде сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Алға ауданы аумағынан жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймастан, қосымшада көрсетілген көлемі: 192756 гектар жер учаскелеріне 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жария сервитуты белгіленсін.
Тармақ 2
2. «KMG Barlau» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, сейсмологиялық зерттеу жұмыстары аяқталған соң, бүлінген жер учаскелерін қайта жаңғыртып қалпына келтіру (рекультивация) шараларын жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдау Алға ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөліміне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданының әкімінің орынбасары А.Бошановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 19 қыркүйектен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға тарайды.