Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
101-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (жалпыхалықтық референдум комиссиясына) қажеттiмәлiметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе комиссияның шешiмдерiн орындамауы
Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (жалпыхалықтық референдум комиссиясына) кандидаттың заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы немесе болмауы туралы; сот заңда белгіленген тәртіппен таныған, кандидаттың сыбайлас жемқорлық қылмыс және құқық бұзушылық жасауға кінәлі екендігі туралы; кандидаттың азаматтығы туралы; кандидаттың немесе зайыбының (жұбайының) декларацияланған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығы туралы; әрбір сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдері туралы мәліметтер мен материалдарды ұсынбауы немесе олардың комиссия өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімді орындамауы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-101/