Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
113-бап. Анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату
Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауға (жалпыхалықтық
референдумға) дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде үгіт материалдарын шығарған ұйымдар (баспа материалдары бойынша – олардың басылған жерi мен таралымы), тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ осындай материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіт материалдарын Қазақстан Республикасының аумағының шегінен тыс жерде дайындау, анонимдік үгіт материалдарын тарату –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-113/