Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

115-бап. Сайлауды (жалпыхалықты референдумды) әзiрлеу мен өткiзуге қаражаттың жұмсалғаны туралы есептердi ұсынбау немесе жарияламау

Об административных правонарушениях · № 235

Кандидаттың, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамның не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қоры қаражатының пайдаланылғаны туралы есептi ұсынбауы – кандидатқа, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамға – он бес, заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-115/