Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

119-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау (жалпыхалықтық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi ұсынбау не жарияламау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрілген тұлғасына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға танысу үшін Республиканың заңнамасына сәйкес ұсынылуы мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi ұсынбауы – он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы заңнамада) белгiленген сайлаудағы (жалпыхалықтық референдумдағы) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердiң жариялану мерзiмдерiн бұзуы не оларды толық жарияламауы – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған іс-әрекеттер – жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-119/