Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

127-1-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары қызметкерлерінің құқық қорғау органдарына білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттерді (әрекетсіздікті) кәмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс жерде кәсіптік қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабында көзделген, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол іс-әрекет – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-127-1/