Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту

Об административных правонарушениях · № 235

1. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып өткізілетін жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға және қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң өзге де нысандарына тарту, сол сияқты кәмелетке толмаған адамды қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен қарсылық бiлдiрудiң көрсетілген нысандарында пайдалану – бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-128/