Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
141-бап. Су қорына мемлекеттік меншік құқығын бұзу
1. Су объектiлерiн заңсыз басып алу, су пайдалану құқығын басқаға беру, сондай-ақ су қорына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмiлелерді жасау –
жеке тұлғаларға –
бір жүз елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнаулы су пайдалануды рұқсатсыз жүзеге асыру, су ресурстарын нысаналы пайдаланбау, су пайдаланудың рұқсат етілген көлемдерінен асыру, бекітілген су режимін және арнаулы су пайдаланудың басқа да шарттарын сақтамау –
жеке тұлғаларға –
елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –
бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
сегіз жүз елу
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төрт жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-141/