Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

147-1-бап. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру

Об административных правонарушениях · № 235

1. Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бестен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – жиырмадан отыз тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адам жасаған әрекет – алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-147-1/