Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

150-бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметiн жарнамалау

Об административных правонарушениях · № 235

Қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметiнiң жарнамасын шығару, тарату және орналастыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – үш айға дейiнгi мерзiмге масс-медианың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бiр жүз елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-150/