Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
156-1-бап. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасын:
1) мерзiмдi баспа басылымдарын жас санаты белгісінсіз тарату;
2) «18 жастан бастап» жас санатына жатқызылған ақпаратты қамтитын ақпараттық өнімді телерадио хабарлары арқылы тарату кезінде белгіленген уақытты сақтамау;
3) теле-, радиобағдарлама басталғанда, сондай-ақ ол бөлінгеннен кейін әрбір қайта басталған кезде жас санаты белгісін көрсетпей немесе жас санатын хабарламай ақпараттық өнімді телерадио бағдарламалары арқылы тарату түрінде жасалған бұзушылық –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Аудио-бейне және (немесе) баспа өнімін жас санаты белгісінсіз тарату –
ескерту жасауға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-156-1/