Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмау және құпияны қорғау

Об административных правонарушениях · № 235

Жеке өмірге қол сұғылмау құқығына, жеке және отбасы құпиясының болу құқығына, цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғау құқығына заңмен кепілдік беріледі. Әр адамның банк операцияларының, жеке салымдар мен жинақтардың, жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта хабарламаларының және байланыс құралдары, оның ішінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы берілетін өзге де хабарламалардың құпия болуына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғана жол берiледi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-16/