Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

160-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Мемлекеттiк монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк монополия туралы заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтамауы – үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттiк монополия саласына жатқызылған қызметті уәкілеттік берілмеген тұлғаның жүзеге асыруы – әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттары және (немесе) құралы тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-160/