Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Алғашқы кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың бірінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-180/