Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) туристік қызмет көрсетуге арналған жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың (туристік операторлық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-187/