Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
204-2-бап. Сауда базарлары мен ірі сауда объектілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Қызметінің негізгі түрі ірі сауда объектілеріндегі, сондай-ақ сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беру болып табылатын дара кәсіпкерлердің және (немесе) заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын:
1) ірі сауда объектісінің, сауда базарының ішкі сауда субъектілері мен олардың әкімшілігінің жұмыскерлері үшін жұмыс режимін қамтитын бекітілген жұмыс регламентінің болмауы;
2) ішкі сауда субъектілеріне сауда объектілері мен сауда инфрақұрылымына тең қолжетімділік бермеу;
3) ішкі сауда субъектілеріне ірі сауда объектілері, сауда базарлары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтердің бекітілген тізбесінің (бар болса) болмауы;
4)
цифрлық жүйеде тіркелудің, сол сияқты өз қызметін цифрлық жүйе арқылы жүзеге асыру үшін оған қолжетімділіктің болмауы;
5)
цифрлық жүйеде жасалған жалға алу шартының болмауы, сол сияқты оған өзгерістер енгізбеу;
6) сауда инфрақұрылымын жаңғыртудың болмауы, сол сияқты оны іске асыру үшін тиісті жағдайлар жасамау;
7) ірі сауда объектісінің, сауда базарының аумағындағы көтерме және бөлшек саудада сату аймағының, сол сияқты оның аражігін ажыратудың болмауы;
8) аумақтарында техникалық жағдайлар болған кезде сауда базарларында автодүкендерден сауданы ұйымдастырудың болмауы;
9) сауда орнын жалға алғаны (пайдаланғаны) үшін төлемді цифрлық жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз тәсілмен не екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеуге шот жазып беру арқылы қабылдауды қамтамасыз етпеу түрінде жасаған бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-204-2/