Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасының талаптарын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Кредиттік бюроның, оның ішінде мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтарды қалыптастыру мен кредиттік есептерді ұсыну жөніндегі қызметтің негізгі түрлеріне, қызметтің қосымша түрлеріне жатпайтын қызметті жүзеге асыруы, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастырумен және жүргізумен және кредиттік скорингті есептеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынумен байланысты емес қызметті жүзеге асыруы – заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) кредиттік тарих субъектiсiнiң келiсiмiнсiз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресiмдемеу – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
2-1. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпарат алу жағдайларын қоспағанда, кредиттік есепті алушының кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды кредиттiк тарих субъектiсiнің келісімінсіз беруi, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресiмдемеу – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы – жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-208/