Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

210-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында көзделген тәртіппен валюталық шартты ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Валюталық шартты немесе берілген есептік нөмір бар валюталық шартты ұсыну Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес міндетті болып табылған кезде уәкiлеттi банктің осындай валюталық шартты ұсынбай валюталық операция бойынша төлемді және (немесе) ақша аударымын жүргiзуi – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейін бір жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-210/