Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
212-бап. Қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғалардың қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзімдерін бұзуы
1. Қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, коллекторлық агенттіктердің, кредиттік бюролардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген қаржылық немесе өзге де есептілікті, бухгалтерлік есепке алу деректері жөніндегі есептілікті ұсыну мерзімін бұзуы –
ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған
іс-әрекет–
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде ұсынылуы талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір
нысанын ұсынудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мерзімі бұзылған жағдайларда басталады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-212/