Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

214-1-бап. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операция жасау

Об административных правонарушениях · № 235

Заңды тұлғаның жеке тұлғасы үшін көрінеу қылмыстық жолмен алынған, ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті иеленуге, пайдалануға немесе оған билік етуге заңды түр беруге алып келген, көрсетілген ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияны осы заңды тұлғаның жасауы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпелер.
1. Осы бапта жеке тұлға деп осы баптың бірінші абзацында аталған заңды тұлғада тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүзеге асыратын адамды немесе осындай заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарына немесе заңды тұлғаның жарғысына сәйкес ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасау құқығына ие қызметкерін немесе осындай заңды тұлғаның «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 3) тармақшасында айқындалған бенефициарлық меншік иесін түсінген жөн.
2. Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) алып келген, ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалған операция туралы ерікті түрде мәлімдеген заңды тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-214-1/