Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

217-бап. Валюталық бақылау агенттерінің валюталық операциялар бойынша есептерді ұсыну тәртібін бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы – ескерту жасауға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
5. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы – ескерту жасауға алып келеді.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
7. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
9. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша есепті ұсыну мерзімін бұзуы – ескерту жасауға алып келеді.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
11. Валюталық бақылау агентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде көзделген, өздерінің негізінде және (немесе) өздерін орындау үшін капитал қозғалысының операциялары жүргізілетін валюталық шарттар бойынша толық емес және (немесе) анық емес есепті ұсынуы – ескерту жасауға алып келеді.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-217/