Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
225-бап. Зейнетақы активтерiн нысаналы пайдаланбау
1. Инвестициялық портфельді басқарушының, сондай-ақ инвестициялық комитет мүшелерінің
мәмілелер жасасу орнына, әдісі мен тәсіліне, мәмілелер бойынша есеп айырысу қағидаттарына, қаржы құралдарына инвестициялау лимиттеріне қойылатын, туынды қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерге, зейнетақы активтерін депозиттерге (салымдарға) орналастыру мерзімдеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ мәмілелердің кейбір түрлеріне салынған тыйымдар бөлігінде зейнетақы активтерін инвестициялау шарттары мен тәртібін бұзуы –
жеке тұлғаға –
екі жүз, заңды тұлғаларға сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктің ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiнiң нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы –
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Осы баптың екінші бөлігінің мақсаты үшін кастодиан-банк деп екінші деңгейдегі банк түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-225/