Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
234-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану
Мыналардан:
бекітілген заттай нормалардан асырудан;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) және (немесе) олар бойынша мұндай шешімдерді (қорытындыларды) ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасында уәкілеттік берілген органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының)
болмауынан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің балансында жоқ объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілмеген объектілерді күтіп-ұстауға арналған бюджет қаражатын жұмсаудан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану –
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – орталық мемлекеттік органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – жергілікті атқарушы органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламаның басшысын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысын түсінген жөн.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-234-1/