Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
251-бап. Ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегі банктік шоттарға ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын:
1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсiмдердi;
2) Қазақстан Республикасының резиденті импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы бейрезидентінің пайдасына аударған, Қазақстан Республикасы бейрезидентінің мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызбау түрінде жасалған, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабын орындамауы –
есепке жатқызылмаған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы сомасының жиырма пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе. Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валютаның және (немесе) шетел валютасының сомасы шекті мәні асып кеткенде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның бірлескен нормативтік құқықтық актісіне сәйкес репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын шекті мәннен асатын жағдайда басталады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-251/