Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

260-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн, номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы және (немесе) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн, шарттары мен мерзімдерін бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, – коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-260/