Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы – бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу – жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы – ескерту жасауға әкеп соғады.
8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Тауар биржасының тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын сақтамауы – ескерту жасауға әкеп соғады.
10. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Тауар биржаларының монополияға қарсы органға есептілікті ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты көрінеу жалған есептілікті ұсынуы – ескерту жасауға әкеп соғады.
12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
15. Тауар биржаларының клирингтік орталықтарының клирингтік қызмет процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешеннің болуы жөніндегі міндетін орындамауы – заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-268/