Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

275-бап. Салық салу объектiлерiн және салықтық есептілікте көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру

Об административных правонарушениях · № 235

1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екі жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жасырылған салық салу объектiсi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетілуге жататын мәліметтерді активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда, кірістер мен мүлік туралы декларацияда, жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетпеу арқылы жасаған жасыруы – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың үшінші бөлігінде белгіленген бұзушылықтарды жоймау – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылмаған кезең ішінде айналым жасау – есепке қойылмаған кезең үшін айналым сомасының он бес пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпелер. 1. Осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін салық салу объектiлерiн жасыру деп салық төлеушінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамауы да түсініледі.
2. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінің мақсаттары үшін шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес олар бойынша құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жататын, мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге (есепке алынуға) жатқызылған әрбір мүлік объектісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі әрбір банктік шот бойынша әкімшілік жауаптылық жеке-жеке туындайды.
3. Осы баптың үшінші бөлігінің мақсаттары үшін адамның Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны, жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсынбауы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде меншік құқығындағы мүлкінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарында ақшасының болуы туралы мәліметтерді көрсетпеуіне теңестіріледі. 4. Осы баптың бесінші бөлігінің мақсаттары үшін айналым жасау деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған салық салынатын айналым түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-275/