Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

280-бап. Жалған шот-фактура жазып беру

Об административных правонарушениях · № 235

Салық төлеушiнiң жалған шот-фактура жазып беруi – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – шот-фактураға енгiзiлген қосылған құн салығы сомасының – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Ескертпе. Жалған шот-фактура деп қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаған төлеушi, сол сияқты жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi, тауарлар жөнелтудi іс жүзінде жүргiзбеген тұлға жазған және қосылған құн салығы сомасын қамтитын шот-фактура танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-280/