Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

283-бап. Толысылған шарапты, сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Өндірушінің немесе импорттаушының толысылған шарапты, сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен және темекі бұйымдарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұзуы – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сәйкестендіру құралдарымен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың сәйкестендіру құралдарынсыз және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларынсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркалары және сәйкестендіру құралдары бар акцизделетін өнімді сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түрінде жасалған айналымы – құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-283/