Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

286-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсыну

Об административных правонарушениях · № 235

Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банктік шоттары бойынша операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының іс жүзіндегі қаржылық жай-күйімен көрінеу қамтамасыз етілмеген кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке ірі залал келтіруге алып келмесе, – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескертпе. Құқық бұзушылық жасалған кезде екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома – жеке тұлғаға, жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-286/